Қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуков өнер көрсететін «Висла» футбол клубы карантиннен кейін алғашқы жаттығуын өткізді.

«Висла» ойыншылары кеше қауіпсіздік ережелері мен сақтық шараларын сақтай отырып, жаттығу жұмыстарын қайта бастады.

Айта кетейік, бұған дейін Польша чемпионаты 29 мамырда жалғасатыны хабарланған болатын.