"Салават Юлаевтың" бұрынғы қорғаушысы Михаил Пашнин мансабын "Металлургта" жалғастырады. 30 жастағы хоккейші клубпен екі жылға келісім жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

2019/20 маусымда Пашнин "Салават" сапында 60 матч өткізді және плей-офф кезеңінде 12 ұпай (2 + 10) жинайды. ҚХЛ-да барлығы 553 ойын өткізді.

Еске салайық, 25 наурызда ҚХЛ коронавирус пандемиясына байланысты 2019/20 маусым мерзімінен бұрын аяқталды деп мәлімдеді.