Кеше, 6 мамырда «Астана» футбол клубы карантиннен кейін алғашқы жаттығуын өткізді.

Елордалық клубтың жаттығуы Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

«Астана-Аренада» жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен, «Астана» билығы маусымдағы алғашқы матчтарын Алматы қаласындағы «Жас Қыран» стадионында өткізген болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда алғашқы болып «Ақтөбе» футбол клубы жаттығуға оралған болатын.