Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов шілдеде жекпе-жек өткізуге дайын болатынын мәлімдеді, деп жазады Prosports.kz.

«Кез-келген уақытта жекпе-жек өткізуге дайынмын. Рамазан 23 мамырда аяқталады. Ал мен шілдеде дайын боламын», - деді Нұрмагомедов.

Еске салайық, Хабиб соңғы рет октагонға 2019 жылы 7 қыркүйекте шықты. Ол кездесуде Дастин Порьені айқын ұтқан болатын. Хабиб биыл сәуір айында Тони Фергюсонмен кездесуі керек еді. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты бұл жекпе-жек өтпей қалды.