UFC президенті Дэйна Уайт ирландиялық Конор Макгрегордың қашан жекпе-жек өткізуі мүмкін екені туралы айтты.

– Ол менен жауынгер аралында қашан жекпе-жек өткізе алатынын және көрермендердің болатын-болмайтыны туралы сұрады. Конор жұдырықтасқысы келеді. Ол маусым айында жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бірақ маусым айының соңына дейін көрермендер болмайды, - деді Уайт.

Айта кетейік, Конор Макгрегор соңғы жекпе-жегін Дональд Серронеге қарсы өткізіп, жеңіске жеткен болатын.