Қазақстандық боксшы Абай Төлеш (5-0, 3 КО) карантин уақытында Қанат Алтаевпен жаттығып жүр.

Айта кетейік, Абай Төлеш 28 наурыз күні Алматы қаласындағы бокс кешінде жұдырықтасуы керек болатын. Алайда коронавирусқа байланысты жарыс кейінге шегерілді.