Қазақстан Үкіметі коронавирус індеті бәсеңдесе, 11 мамырдан бастап елде төтенше жағдай режимі алынып, карантин шараларының жеңілдетілетінін хабарлады. Осыған байланысты, спорттық шаралар әрі қарай жалғасын табуы мүмкін.

Карантин режимін қатаң сақтанған #TeamKZ мүшелері төтенше жағдайдан кейін де сақ болатынын жасырмауда. Атап айтқанда, дзюдошы Елдос Жұмақанов қауіп сейілді дегеннің өзінде денсаулыққа мән беріп, бапкерлер құрамының кеңесімен, жоспарға сай жаттығуды жалғастыратынын айтты.

– Егер карантин аяқталып, жаттығу жиындарын өткізуге рұқсат берілсе, ұлттық құрама бапкерлерінің жоспарына сәйкес жаттығуды жалғастырамыз. Төтенше жағдай режимінде үй жағдайында барынша жаттығып, жаттығуды тоқтатқан жоқпықпыз.

Ендігі мақсат - 2021 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалу. Бір жыл бойы барымызды салып, жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деп ойлаймын", - дейді дзюдошы Елдос.

Айта кетерлігі, дзюдодан ұлттық құраманың бас бапкері Айдын Смағұлов "карантин мерзімі аяқталаса, 21 мамырдан бастап Шымкентте оқу-жаттығу жиынын бастаймыз деп жоспарлап отырмыз" деген болатын.