Испаниялық басылымдардың хабарлауынша, жергілікті уақыт 6 мамыр күні «Реал Мадридтің» негізгі командасындағы 25 ойыншы коронавирусқа қарсы тексерістен өтеді, деп жазады Prosports.kz.

Мадридтік клубтың ойыншылары жеті апта бойы карантинде отырды. Осы арлықта бірде-бір футболшысы коронавирус жұқтырған жоқ. Бірақ жаттығуға кірісер алдында тексерістен өту міндетті.

Осы тексерістен кейін «Реал» ойыншылары 11 мамырда жаттығуға кіріседі. Бірақ топтық жаттығуға рұқсат жоқ, тек жеке жаттығуларды жасайды.