Коронавирус пандемиясының салдарынан тоқтаған неміс бундеслигасы 15 мамырда жалғасуы мүмкін.

Осылайша Германия чемпионаты Еуропаның үздік 5 біріншілігінің арасынан бірінші болып басталады. Нақты шешім 6 мамыр күні Германия канцлері Ангела Меркельдің қатысуымен өтетін видеоконференцияда қабылданады.

Бұған дейін неміс чемпионаты 9 мамыр күні басталады деп жоспарланған болатын. Алайда қазір Германияда коронавирус қайта қарқын алды. Ал жергілікті полиция футбол жарысының өткізілуіне қарсылық білдірді.

Айта кетейік, әлемде коронавирус пандемиясына байланысты барлық чемпионат тоқтады.