Халықаралық бокс ұйымының (IBO) Twitter-дегі ресми аккаунты қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Ванес Мартиросян арасындағы жекпе-жектің екі жылдық мерейтойын еске алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бүгін жанкүйерлерге керемет қазақстандық нокаут туралы еске салатын твит пайда болды:
«5 мамыр 2018 жылы StubHub орталығында Том Леффлер мен HBO ұйымдастырған боксшылардың тамаша бокс кеші өтті. Геннадий Головкин мен Ванес Мартиросянның жекпе-жегі және бокстың болашақ жұлдыздары Брайан Цебало мен Райан Мартин жекпе-жегі болды»
Еске салайық, мексикалық Сауль Альварестің дисквалификациясына байланысты GGG басқа қарсыласын іздеуге мәжбүр болған еді. Мартиросян Головкинмен жекпе-жекке шығуға келісімін беріп, екінші раундта нокаутқа түскен.
Комментарии