NHL жұлдызы, "Питтсбург" капитаны Сидни Кросби коронавирус пандемиясы кезінде мұқтаж жандарға көмектесу үшін азық-түлік банкіне 100 000 ас берді.
Канадалық хоккейші тамақ жинап, оны мұқтаж адамдарға беретін ұйымға ризашылығын білдірді.
«Мен Питтсбург тұрғындарының бір-біріне көмектесу үшін жиналғанын көрдім және мен оған қатысқым келді. Азық-түлік банкі және оның қызметкерлері көптеген адамдарды тамақпен қамтамасыз етудің таңғажайып тапсырмасын орындады, мен осы қиын уақытта олармен бірге жұмыс істегеніме қуаныштымын», - деді Кросби.
Естеріңізге сала кетейік, Сидни Кросби Стэнли кубогының үш дүркін жеңімпазы (2009, 2016, 2017).
Комментарии