Нидерланды құрамасының бас бапкері Рональд Куман ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

53 жастағы жаттықтырушы жүрек ақауына байланысты ауруханаға жеткізілген. Куманға катетеризация жасалды, оның жағдайы тұрақты. 4 мамырда ол ауруханадан шығарылуы мүмкін.

Куман 2018 жылдың ақпан айында Нидерланды құрамасының тізгінін ұстап, Еуро-2020 турниріне құраманы алып шықты.