Футбол үйінде ұйымдастырылған видеоконференция арқылы Қазақстан футбол федерациясының жағажай футболына жауапты қызметкерлері мен жағажайы футболынан Қазақстан чемпионаты мен Кубогының, сонымен қатар, Еуразия лигасының қатысушылары пікір алмасты.

Конференцияға Еуразия жағажай лигасының тұрақты қатысушысы павлодарлық «Арман» командасының жетекшісі әрі бас бапкері Болат Әленов, ресейлік «Алтай-Соккер» ЖФК президенті және бас бапкері Михаил Ульянов, Новосибирск қаласының «Джокер» командасының капитаны Павел Шевченко, сонымен қатар, Қырғызстан жағажай футболы федерациясының президенті Нұрлан Ақысбеков қатысты.

Тараптар ұйымдастыру жұмыстарының мәселелеріне тоқталды. Еуразия лигасының алғашқы туры Павлодарда, екінші туры Ресейдің Новосибирск қаласында, ал үшінші туры Қырғыз жерінде өтпек.