Италия чемпионатында «Сассуоло» бірінші болып жаттығуға кірісетінін хабарлады.

Коронавирус пандемиясының салдарынан 10 наурыз күні А Сериясы уақытша тоқтаған еді. Енді ел үкіметінің рұқсатымен 4 мамырдан бастап кәсіби спортшылар жеке жаттығуларын бастауға болады.

«Сассуоло» ойыншыларына клуб базасында жаттығу жасауға рұқсат етті. Футболшылар алтыдан бөлініп, алаңда жаттыға алады.