15 мамырда Германия Бундеслигасы қайта жандануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Goal.com сайтының хабарлауынша, Германия футбол лигасы (DFL) бұл күнді қолайлы деп санайды, бірақ үкіметтің рұқсатын күту керек.

Спорттық іс-шараларды жандандыруға байланысты үкімет отырысы 6 мамырда өтеді.

Айта кетейік,Бундеслигада 25 тур өтті. Көшбасшы «Бавария», «Боруссиядан» 4 ұпай алда келеді.