UFC ұйымы 9, 13 және 16 мамырда өтетін үш турнирде сақтық шараларын сипаттайтын жадынама шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz Mmafighting.com сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара Флоридадағы Vystar Veterans Memorial аренасында өтеді.

Қонақүйге орналасқан спортшылар өз тобымен бірге міндетті медициналық тексерістен өтіп, тест тапсырады.

Қонақүйге тек спортшылар, секунданттар және UFC қызметкерлері кіре алады. Туыстары, достары мен менеджерлеріне рұқсат жоқ.

Жарысқа қатысатын әр сарбаздың жеке жаттығу бөлмелері болады. Әр бөлмеде жаттығу төсеніштері, дезинфекциялық құралдар және жеке сауна бар.

Айта кетелік, UFC 249-дың басты жекпе-жегі Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи арасында өтеді.