Испаниялық Marca басылымы пенальти орындаудан әлемдегі ең үздік ойыншылардың рейтингісін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Аталған тізімде «Реал Мадридтің» жартылай қорғаушысы Эден Азар көш бастады. Бельгиялық футболшы бұған дейін 56 рет пенальти орындап, оның жетеуінде ғана мүлт кеткен екен. Бұл 88% дәлдік.

Ал әлемнің қазіргі таңдағы ең үздік екі ойыншысы Криштиану Роналду (85%) мен Лионель Месси (77%) үшінші және тоғызыншы орынға жайғасты.

1. Эден Азар («Реал») — 56 пенальти, 49 сәтті орындалғаны, 88% дәлдік2. Карим Бензема («Реал») — 17, 15, 88%3. Криштиану Роналду («Ювентус») — 143, 121, 85%4. Гарри Кейн («Тоттенхэм») — 44, 37, 84%5. Луис Суарес («Барселона») — 49, 40, 82%6. Мохамед Салах («Ливерпуль») — 16, 13, 81%7. Неймар («ПСЖ») — 64, 51, 80%8. Серхио Агуэро («Манчестер Сити») — 59, 46, 78%9. Лионель Месси («Барселона») — 115, 89, 77%10. Антуан Гризманн («Барселона») — 25, 17, 68%.