Қазақстан құрамасының шабуылшысы Роман Старченко «Барыс» клубымен келісімшарт мерзімін ұзартты.

Хоккейші биыл 34 жасқа толатынына қармастан жаңа келісімшарт екі жылға жасалған.

Айта кетейік, 2019/20 жылғы маусымда Роман Старченко 58 матчқа қатысып, 35 ұпай (18+17) жинаған.