«Манчестер Юнайтед» футбол клубы ойыншыларына 18 мамырда жаттығу басталатынын хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

Клуб футболшылардан төмендегі шарттарды орындауды талап етіп отыр.

Ойыншылар жаттығуға өзінің жеке көлігімен келеді. Спорттық киім-кешегін өздері жуады. Сонымен қатар, жаттығу базасында жуынуға болмайды, сөзсіз өз үйіне қайтып жуынуы керек.

Клуб басшылығы шетелде жүрген ойыншыларынан 4 мамырға дейін Англияға қайтып келуді сұрады. Олар елге келген соң 14 күн карантинде болады.