Бундеслига Германияда коронавирустың жаңа деммен белең алуына байланысты тағы кейінге шегерілуі мүмкін.

Бұған дейін неміс чемпионаты 9 мамыр күні басталады деп жоспарланған болатын. Алайда қазір Германияда коронавирус қайта қарқын алды. Ал жергілікті полиция футбол жарысының өткізілуіне қарсылық білдірді.

Айта кетейік, әлемде коронавирус пандемиясына байланысты барлық чемпионат тоқтады.