Құрлықтық хоккей лигасының биылғы жабылу салтанаты өткізілмейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат лиганың ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл шара биылғы жылдың мамыр айының соңына жоспарланған болатын. Ұйымдастырушылар коронавирус пандемиясына байланысты салтанатты шарадан бас тартты.

«Бұған дейінгі жылдары жабылу салтанаттарына 1 мыңға тарта қонақ қатысқан болатын. Биыл да сондай адам келеді деп күтілді. Сондықтан азаматтар денсаулығын сақтау мақсатында осындай шешім қабылдауға тура келді», - деді Құрлықтық хоккей лигасының президенті Алексей Морозов.