ПСЖ футбол клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе кезекті сұхбатында мансабындағы ең үздік голды атады, деп жазады Prosports.kz.

- Осы күнге дейін соққан барлық голым есімде. Өз ойымша, ең маңыздысы әлем чемпионатының финалында Хорватия құрамасының қақпасына соққан голым болса керек,- дейді ол.

Француз футболшысы сонымен қатар өзі көрген ең үздік голды да атады.

- Менің ойымша, Криштиану Роналдудың «Ювентус» қақпасына қайшылап теуіп соққан голы бәрінен үздік, - деді.