Америкалық UFC промоушнының ресми Youtube-арнасы алдағы UFC 249 турнирінің промо-ролигін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ивент 9 мамыр күні АҚШ-тың Джексонвилл қаласында өтуге тиіс. Онда 13 және 16 мамыр күні тағы екі турнир өтпек.

Еске сала кетелік, 9 мамыр күні басты айқасқа екі америкалық, Тони Фергюсон мен Джастин Гэтжи шығып, жеңіл салмақтағы уақытша чемпиондық белбеуге таласады. Тағы бір басты жекпе-жектің бірінде Генри Сехудо аса жеңіл салмақта Доминик Круске қарсы тұрады.