«Интер» футбол клубы «Тотенхэм» қорғаушысы Ян Вертонгенге келісімшарт ұсынуға дайын.

Бұл туралы Tuttosport басылымы хабарлады. 33 жастағы футболшының қазіргі командасымен келісіишарты 2020 жылдың жазында аяқталады. Сол себептен футболшыны қатарына тегін қосқысы келетін командалар саны аз емес.

Биылғы маусымда Вертонген 26 кездесуге қатысып, 2 гол соғып, 1 рет нәтижелі пас авторы атанған.