«Алматы Туры» кәсіби екікүндік веложарысы биыл өтпейтін болды. Бұл туралы «Астана» командасының бас менеджері Александр Винокуров Olympic.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

«Менің білуімше өкінішке орай бұл жылы Алматыдағы жарыс болмайды. Әкімшілік осындай шешім қабылдауға мәжбүр болды. Себебі визалық мәселер жайы қазір қиындап кетті. Шет елден келетін спортшылар үшін қиын болады. Сол себепті кәсіби спортшылар арасындағы жарыс болмайды. Бірақ әуесқойлар арасындағы жарыс өтеді. Олар екі күн бойы жарысқа түсетін болады»,- деді Александар Винокуров.

Естеріңізге салатын болсақ 2019 жылғы «Алматы Туры» веложарысында қазақстандық Юрий Натаров жеңіске жеткен болатын.