Испанияның денсаулық сақтау министрі Сальвадор Илья ел азаматтарына футбол матчтары жазға дейін жалғасады деп күтудің қажеті жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz «Р Спортқа» сілтеме жасап.

Еске салайық, Испаниядағы футбол жарыстары коронавирус пандемиясына байланысты 12 наурыздан бастап тоқтатылды.

«Енді кәсіби футбол жазға дейін оралады деп айту ақымақтық болар еді. Біз (вирустың) эволюциясын бақылауды жалғастырамыз, және қай саланың болмасын, қалыпты өмірге қашан оралатынын бақылауымыз керек», - деді Илья.