Қазақстандық Олимпиада чемпионы, қазіргі кезде кәсіби боксшы Данияр Елеусінов коронавирус пандемиясына байланысты карантин кезінде боксты сағынып жүргенін айтты.

Бұл туралы спортшы инстаграм парақшасында жариялады. Данияр бұрынғы жекпе-жегінің суретін салып, астына «Рингті сағындық» деп жазып қойған.

Естеріңізге салатын болсақ, Данияр келесі жекпе-жегін бұрынғы әлем чемпионы намибиялық Джулиус Индонгоға қарсы өткізеді.