Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев UFC-ден қоңырау шалып, пандемияға байланысты турнир өтпейді деп айтуын күтіп отырғанын айтты.

«Қазақстандағы турнир жайлы білемін. Оны кейінге қалдырады деп ойлаймын. Менің Қазақстанда достарым көп. Олардың айтуынша барлық жерде вирус, сол үшін бәрі үйлерінде карантинде отыр»,- деді Ислам Махачев.

Естеріңізге салатын болсақ UFC турнирі маусым айында Қазақстан аумағында алғаш рет өтуі керек болатын. Басты жекпе-жекте Петр Ян және Марлон Мораес өзара мықтыны анықтайтын еді.