Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) жаттықтырушысы Джонатан Бэнкс мексикалық Сауль Альвареске (53-1-2, 36 КО) қарсы үшінші жекпе-жек туралы пікір білдірді.

– Мені оның белсенді болмауы алаңдатады. Бизнестегі нөмірі бірінші не екінші боксшыға қарсы шаршы алаңға шықпай тұрып, дайындық жекпе-жегін өткізу түсінікті жағдай.

Головкиннің жеңіске деген жігеріне күмән келтірмеймін. Алайда ол Альвареске қарсы жекпе-жекке бірден шықпауы қажет. Оған дейін дайындығын тексеретін жекпе-жек өткізу керек, - деді Джонатан Бэнкс.