Алматылық хип-хоп орындаушы DADYAN қазақстандық аралас жекпе-жек шеберлері Жалғас Жұмағұлов пен Сергей Морозовтың достығына тәнті болып жаңа ән шығарды.

Underdog спорттық агенттігі және «Территория ММА» Youtube арнасы осы әнге арналған бейнеролик жариялады. Бейнероликте нағыз достық қандай болу керек екендігін көрсеткісі келген.

Естеріңізге салатын болсақ ақпан айында Жалғас Жұмағұлов UFC-мен келісімшартқа қол қойды. Жалғас алғашқы жекпе-жегін жазда өткізеді деп күтілуде. Ал Морозовтың командасы әлі де UFC-мен келіссөздер жүргізіп жатыр.