«Барыс» хоккей клубы төрт бірдей хоккейшісіне келісішартын ұзартуға ұсыныс жасады.

Елордалық команда былтырғы маусымның басым бөлігін «Номадта» өткізген жас хоккейшілер Саян Данияр, Артур Гатиятов, Иван Верещагин және қақпашы Денис Каратаевқа келісімшарт ұсынып отыр.

Келісімшарт мерзімі екі жылды құрайды.

Жақында «Барыс» Қазақстан құрамасының шабуылшысымен келісімшартын екі жылға созған болатын.

Биылғы маусымда астаналық команда елдегі төтенше жағдайға байланысты Гагарин кубогына таласты мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.