Prosports.kz сайтында «Барселона» шабуылшысы Антуан Гризманның мансабына тікелей әсер еткен адам, оның әкесі Ален Гризманн туралы материалдар сериясы бастау алған болатын, бүгін жазбаның екінші бөлімі.

Гризманның бойы қысқа болғаны үшін оны академиялар қабылдамады. Баланың болашағы үшін тек әкесі күресті.

Антуанның бақытты балалық шағын уландырған жалғыз нәрсе - оның қысқа бойы. Ол әрқашан әріптестерінен кішірек болды. «Макон» жаттықтырушылары баланы үнемі дриблингі мен жылдамдығы үшін мақтап, бірақ негізгі құрамға ұзын бойлы балаларды шығаратын.

2004 жылы Антуан әкесі жаттықтырған U-13 командасына дейін жетті. Өз ұлының еңсесін көтеру үшін бапкер оны капитан етіп тағайындады. «Мен саған сенемін, балам. Сен осы командадағы ең мықты футболшысың», - деді ол. Әкесінің қол астында ойнап, шабыт алған Гризманн өміріндегі ең нәтижелі маусымды өткізді. Ол U-13 аймақтық лигасының 30 матчында 60 гол соқты.