9 мамыр күніне жоспарланған UFC 249 турнирі Флорида штатындағы қай қалада өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аралас жекпе-жек сарапшысы Дэйв Мельцердің мәліметінше, UFC кезекті 249-шы турнирін Флоридадағы ең үлкен қалалардың бірі Джексонвиллдегі Veterans Memorial Arena кешенінде өткізеді. UFC турнирде жекпе-жек өткізетін барлық спортшыларға қалаға ұшып келуге тапсырма берген.

Сәуір айының басында Флорида губернаторы Рон Де Сантис бірқатар іс-шараларға, соның ішінде ММА-ға рұқсат беретін бұйрық шығарды. Осы құжатқа сәйкес, спорттық және ойын-сауық шараларын өткізуге жол ашылды. Бірақ бұл жарыстарға көрермен қатыса алмайды.

Флорида бокс комиссиясы пандемия кезінде бір ММА турнирін өткізуге келісім беріп отыр. Бірақ басты шарты көрермендердің болмауы және қатысушылардың денсаулығы жіті бақылауда болуы керек.

Бастапқыда UFC 249 турнирі 18 сәуірде Бруклинде (Нью-Йорк) өтеді деп жоспарланған болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты Нью-Йорк билігі қалада турнир өткізуге тыйым салды. Осыдан кейін UFC басшылары турнирді Калифорния штаты Лемур қаласындағы Tachi Palace Casino Resort курорттық алаңында өткізуді ойластырған. Бірақ ESPN-нің өтініші бойынша турнир кейінге қалдырылды.

Айта кетейік, UFC 249 турнирінде екі титулды жекпе-жек өтеді. Оның бірі Тони Фергюсон мен Джастина Гэтжи арасында болмақ. Қос қарсылас жеңіл салмақта уақытша чемпион белдігін сарапқа салады. Ал Генри Сехудо Доминик Крузға қарсы жекпе-жекте супер жеңіл салмақтағы чемпиондық атағын қорғайды.