«Лион» клубының президенті Жан-Мишель Ола УЕФА-ның маусымды ерте аяқтаған чемпионаттардың командаларына жаза қолданатыны туралы шешіміне қарсылық білдірді.

– УЕФА-мен келіспеймін. «Лионның» 1 Лигада, Лига Кубогында және Чемпиондар лигасында 10 матчы қалды. Бұлардың бәрі келесі маусымдағы еурокубокқа іріктеу. Егер УЕФА шешімінен таймаса біз сотқа береміз, - деді ол.

Айта кетейік, «Лион» дәл қазіргі сәтте Франция чемпионатынжа 40 ұпаймен жетінші орында тұр.