Төрт бірдей салмақ дәрежесінде чемпион болған боксшы Мигель Анхель Котто қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы текетірес туралы ойын айтты.

– Головкин мен Альварес текетіресіне әлем көз салып отыр. Жақында бұл жекпе-жекті көріп қалатын сияқтымыз. Геннадийге жеңіске жету үшін көбірек күш салу қажет. Бірінші жекпе-жекте кімнің жеңіске жеткенін нақты айту қиын, дегенмен екінші айқас Головкин ұтылды, –деп келтіреді Мигель Коттоның сөзін Boxingnews24 басылымы.

Естеріңізде болса, Головкин мен Альварес арасындағы бірінші жекпе-жекте тең нәтиже тіркелсе, екінші кездесуде мексикалық боксшы жеңіске жетті.