Екі дивизионнің экс-чемпионы, ирландиялық Конор МакГрегор UFC тарихындағы ең көп ақша төленетін файтерлердің тізімінде топ бастады, деп хабарлайды Prosports.kz

МакГрегор америкалық промоушн аясындағы жекпе-жектері арқасында 12 миллион доллар табыс тапты. Екінші орында 7 миллион доллары бар Алистар Оверим тұр. Миллионерлер үштігін ресейлік Хабиб Нурмагомедов қорытындылап тұр. Оның да табысы 7 миллион долларды құрайды.

Айта кетейік, UFC ұйымының ең үздігі рейтингінде бірінші орынға көтерілген америкалық Джон Джонс тек 7-ші орынға тұрақтаған.