Ферраридің бұрынғы жетекшісі Маурисио Арривабене коронавирус пандемиясы кезінде жедел жәрдем жүргізушісі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Арривабене бұл туралы ешкімге айтпады, бірақ пандемия басталғаннан бастап науқастарды ауруханаларға жеткізіп, жедел жәрдем жүргізушісі болып жүр», - деп жазды әйгілі итальяндық журналист Лео Туррини.

Қазіргі уақытта әлемде 2,58 миллионнан астам коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелген. Инфекция нәтижесінде 178 мыңнан астам адам қайтыс болды, 680 мың адам сауығып шықты.