Промоутер Эдди Хирн коронавирус пандемиясын тоқтағанға дейін уақытша жауынгерлер лагерін құруды ұсынды.

– Америкада кейбір штаттарда бокс кешін өткізу қауіпсіз. Бокс кештерін өткізу үшін бір айға жабылатын арнайы жауынгерлер лагерін ұйымдастырайық .Барлығы арнайы тесттен өтіп, жұмыс істеуге қауіпсіз орта құрайық.

Қазір сарапшылар мен мамандар бұған дайын емес. Бірақ бокс кешін маусымда не шілдеде, тіпті қазанға дейін өткізе алмауымыз мүмкін, – деді Хирн.

Айта кетейік, Эдди Хирн қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері.