25 сәуір күні көптен күткен спорт іс-шарасы өтеді. Никарагуада Bufalo Boxing промоутерлік компаниясы бокс кешін ұйымдастырады.

Кештің басты жекпе-жегінде Робин Самора (15-7, 8 КО) мен Рамиро Бланко (18-7-3, 10 КО) жұдырықтасады. Бокс кешін ESPN Knockout телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді.

Турнирді өткізуге жергілікті денсаулық министрлігі рұқсатын берген. Ал кештің көрермендері арнайы тексерістен өткеннен кейін ғана ішке жіберіледі.