Мексикалық боксшы кіші Хулио Сесар Чавес (51-4-1, 33 КО) қазақстандық Геннадий Головкинді (40-1-1, 35 КО) нокаутпен жеңетінін мәлімдеді.

– Әлі 3-4 жыл жұдырықтаса аламын. Тәртібім мен жігерлігімнің арқасында бабымды сақтай аламын. Жанкүйерлерім Головкинмен, «Канеломен» және Джейкобспен жекпе-жек өткізгенімді қалайды.

«Канелоға» қарсы жекпе-жекте фаворит емес шығармын, бірақ Головкинді нокаутқа түсіре аламын. Ол жасы келген сайын әлсірей түсті ме, білмеймін, дегенмен соңғы екі жекпе-жегін өте нашар деңгейде өткізді, - деді кіші Чавес.