Нидерланды премьер-министрі Марк Рутте баспасөз конференциясында 1 қыркүйекке дейін елдегі бұқаралық іс-шаралары тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz Vi.nl сайтына сілтеме жасап.

Аталған шараға футбол матчтары, соның ішінде көрермендері жоқ кездесулер де жатады. Осылайша, Эредивизион чемпионатты жалғастыра алмайды.

Нидерланд корольдік футбол одағы (KNVB) бұл туралы ештеңе мәлімдген жоқ. Бұған дейін ел біріншілігі маусымның ортасында жалғасатыны, матчтардың көрерменсіз өтуі жоспарланған болатын.