«Реалдың» ойыншысы Хамес Родригес пен «Бока Хуниорс» өкілі Эдуардо Сальвио FIFA 20 симуляторынан өткен жарыста топ жарды.

Турнирді Пауло Дибала мен Диего Шварцман ұйымдастырды. Оған Серхио Агуэро мен Доминик Тим секілді танымал спортшылар қатысқан.

Жарыст тікелей эфирде өтіп, көрермендер 275 мың доллар аударған. Бұл қаржы толықтай Аргентина денсаулық сақтау ісіне жұмсалады.