Коронавирус пандемиясына байланысты уақытша тоқтаған неміс Бундеслигасы мамыр айының басында жалғасуы мүмкін.

Неміс футбол лигасының бас директоры Кристиан Зайферттің айтынша, қазір чемпионатты 9 мамыр күні көрерменсіз бастау қарастырылып жатыр.

Нақты шешім 23 сәуір күні қабылданады. Чемпионатты көрерменсіз жалғастыру клубтарды құтқарудың бірден бір тәсілі дейді Кристиан Зайферт.