Emarat-news.ae басылымы БАӘ Премьер-лигасының шетелдік футболшыларының трансферлік бағасындағы өзгеруі туралы сараптама жасады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі.

«Әл-Айн» құрамының нарықтық бағасы 26,6%-ға (11 млн еуродан 8,4 млн еуроға) төмендеді. Венгр Джуджак 2,5 млн еуродан 1,6 млн еуроға арзандады. Жапониялық Сиотани құны 2,5 млн еуродан 2 млн еуроға төмендеді. Тоголық Лаба мен қазақстандық Исламхан 3 млн еуродан 2,4 млн еуроға арзандады», - деп жазды басылым.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының ойыншысы Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» сапында 10 матч өткізіп, 1 гол мен 3 нәтижелі пастың авторы атанды.

Исламхан, Жуков, Қуат және Зайнутдиновтің трансферлік құны төмендеді

Исламхан ойнайтын БАӘ біріншілігі бір айға тоқтады

Бауыржан Исламханның «Әл-Айн» сапындағы алғашқы голы. Видео