Испания футбол федерациясы, Испания спорт министрлігі және Ла Лига коронавирус пандемиясы кезінде футболшыларға көмектесу үшін қор ашады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі As сайтына сілтеме жасап.

Қор 10 миллион еуроға есептеледі.

Бұл қаражат коронавирусқа байланысты қиын жағдайда қалған футболшыларға беріледі. Яғни, ақша жалақысы төмендеп, қиындыққа тап болған ойыншылар арасында бөлінеді.

Қазіргі уақытта әлемде 2,33 миллион адам коронавирус жұқтырған. Олардың ішінде 599 мың адам індеттен айықса, 161 мың адам көз жұмған.

Ресми: Ла Лиганың қалған турлары ойнатылады

Ла Лига мерзімінен бұрын аяқталса, еурокубоктарға кімдер жолдама алады

«Реал Сосьедад» жаттығуларын қайта бастайтын Ла Лигадағы бірінші команда болады

Ла Лига Канар аралдарында жалғасуы мүмкін