«Барселона» қорғаушысы Самюэль Умтити командадан кетпейтінін мәлімдеді.

Жақында 26 жастағы франциялық қорғаушыға «Арсенал» және «Челси» қызығушылық танытқан болатын. Алайда Умтити әзірге команда ауыстыруды ойлап жүрген жоқ.

Transfermarkt.com сайтының мәліметі бойынша футболшы 32 миллион еуроға бағаланады. Биылғы маусымда Умтити «Барселона» сапында 16 кездесуге қатысқан.