«Севилья» футбол клубы «Зенит» шаубылшысы Сердар Азмунға қызығушылық танытып отыр.

Испаниялықтар жазғы ауысым кезінде шабуылшыны қатарына қосуды жоспарлап отыр. Команда басшылығы ирандық футболшыны қатарға қосуға қарсы емес.

25 жастағы ирандық Сердар Азмунға осыған дейін «Наполидің» қызығып отырғаны айтылған болатын. Одан бөлек бірнеше АПЛ командалары футболшыны өз қатарларынан көрігісі келеді.

Сердар 2019 жылдан бері «Зенит» сапында өнер көрсетеді. Биылғы маусымда 21 кездесуге қатысып, 10 гол соққан.