21 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:00-де «Қайрат» футзал клубының инстаграм парақшасында «Кака шақырады» бағдарламасына ҚФФ футзал департаментінің директоры Асқар Әбілдаев келеді.

Асқар Әбілдаев Қарағанды футбол мектебінің түлегі. Ол футболдағы мансабында «Шахтер», «Қайрат» және «Аңсат» командаларында өнер көрсеткен. Ұлттық құрама сапында 7 кездесу өткізіп, 1 гол соққан.

1992 жылғы ел біріншілігінің және Қазақстан кубогының жеңімпазы.

Футболдағы мансабын аяқтаған соң Асқар футзалға ауысты. Футзалдан Қазақстан біріншілігінде бірінші болып 100 гол соққан.

Қазіргі кезде ҚФФ футзал департаментінің директоры қызметін атқарады.