Британдық боксшы, WBA Super, WBO, IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Энтони Джошуа өзінің болашақ жоспарлары туралы айтты. Спортшы кейбір қарсыластарымен кездескенше спорттан кеткісі келмейтінін мойындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Британдық алты боксшының тізімін жасады. Оған Тайсон Фьюри, Деонтей Уайлдер, Джаррел Миллер, Александр Усик, Луи Ортис және Адам Ковнацкий кірді.

Джошуа Миллермен 2019 жылдың жазында кездесуі керек еді, бірақ Джаррел допинг-тесттен өте алмады. Нәтижесінде, оның орнына Энди Руис ринге шығып, ол сенсациялық түрде Джошуаны жеңіп кеткен еді. Матч-реваншта британдық боксшы титулды қайтарып алды.

Энтони Луи Ортисбен екі рет кездесіп, екеуінде де жеңіске жетті. Джошуа тізімдегі қалған боксшылармен жұдырықтаспады.