«Барселонаның» бұрынғы басшысы Жоан Лапорта клуб президентін сайлауға қатысатынын растады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Бұл жоба мені шабыттандырады. Мен өзім сенетін өз ісіне шебер мамандарды жинаймын, өйткені біз қиын қаржылық жағдайды қалай өзгерту керектігін мұқият ойластыруымыз керек.

Мен «Барсаның» имиджін жақсартатын спорттық жоба ұсынғым келеді», - деді Лапорта.

Ол сонымен бірге президент сайлауы 2021 жылы өткізілуі керек екенін қосты.

Лапорта клубты 2003-2008 жылдар аралығында басқарды.